Жаратылыстану 2-класс Тақырыбы: Дыбыстар қандай болады?
специалист в области арт-терапии
Оқу ісінің меңгерушісі:
ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ САБАҚ ЖОСПАРЫ
Дыбыстар қандай болады?
Мұғалімнің аты-жөні: Қуан Жанат Ибадуллақызы
2.5.3.1 — дыбыс қаттылығы бойынша дыбыс көздерін жіктеу
2.1.2.7 — эксперимент жүргізу және оның нәтижелерін кестеге түсіру
Барлық оқушылар орындай алады: .Дыбыс қаттылығы бойынша дыбыс көздерін жіктей алады.
Оқушылардың көпшілігі орындай алады: Дыбыс көздеріне мысалдар келтіре алады.
Кейбір оқушылар орындай алады: Дыбыс көздерін дыбыс шығару күшіне қарай жіктеп, түсіндіре алады.
Дыбыс көздерін қаттылығына қарай жіктейді.
Дыбыс көздеріне мысалдар келтіре алады.
Жоспарланған уақыт есебі:
Қол ұстасып, қане, біз
Айтарым бар сендерге
Тез тұрыңдар шеңберге.
Қандай жақсы бір тұру,
Қандай жақсы бір болу,
Қандай жақсы дос болу .
Бейнежазба қарау. «Дыбыс дегеніміз не?»
(Ұ) «Не естіліп тұр?» деген ойын ойнату.Оқушыға қалқаланып тұрған заттардың біреуін таңдап алып, соның дыбысын шығарады, ал қалған оқушылар бұл не зат екенін табады.
(Ұ) Біреу/бірдеңе жасап шығарған дыбыстарды (музыка аспаптарында, т.б.) жақыннан, қашықтан ажырату қажет болатын интерактивті ойын ойнату. Ойынды бастамас бұрын оқушылардың дыбыс туралы не білетіндігін, өздері еститін дыбыстар туралы қандай түсініктері бар екенін талқылап алу.
(Ұ) Оқушыларға «шуылдақ қораптар» ойынын ойнауды ұсыну. Мақсаты: оқушыларды заттарды дыбысы арқылы анықтай білуге үйрету. Дыбысы бірдей қораптарды жұппен қоюды тапсыру.
(Ж, қ) Күнделікті еститін қатты және ақырын дыбыстар туралы әңгімелесіңіздер, мысалы сиренаның дыбысы, жол қозғалысы, т.б.
(Қ) Жақын жерде немесе қашықта естілген дыбыстарды анықтауды ұсыну.
(Ұ, ОТ, қ) Көшеге шығып, шеңбер жасап тұрыңыздар. Түрлі дыбыстарды тыңдап, ақырындап дыбыс көзінен алыстаңыздар. Дыбыс естілмей кететін қашықтықты анықтаңыздар. Оқушыларға нәтижелерді кесте/диаграмма түрінде жазып, дыбыстарды қаттылығына қарай жіктеп, дыбыс қаттылығы неге байланысты екендігі туралы қорытынды жасауды ұсыну.
(Қ) оқушылардың біз дыбыстан неғұрлым қашықта орналассақ, соғұрлым естіліп тұрған дыбыстың бәсеңдей түсетінін түсінетіндігін анықтау үшін сұрақтар қою.
(Ө, қ) Дыбыс қайда бара жатқанын сурет түрінде салыңыз немесе жазыңыз.
(Қ) оқушылардың жұмыстарын талдау, олар дыбыстың таралуы туралы түсініктерін көрсете ме?
Бағалау критерийі Білім алушы
• Дыбыс көздерін қаттылығына қарай жіктейді
Берілген тіркестерді оқы. Олар қалай естіледі? Байланыстырып сыз.
• Қатты және бәсең естілетін дыбыстарға мысал келтір._________________________________________
Дескриптор Білім алушы
— қатты дыбыс шығаратын дыбыс көздерін анықтайды;
— бәсең дыбыс шығаратын дыбыс көздерін анықтайды;
— қатты және бәсең естілетін дыбыстарға мысал келтіреді.
Дыбыс шығаратын әртүрлі заттар
«Дыбыс дегеніміз не?» видео
Ойынға қажетті құралдар: қораптар, киндер-сюрприздің контейнері, бұршақ, ұрықтар, жемістердің сүйегі, ұрықтары
Саралау-оқушыға мейлінше қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз?
Қабілетті оқушыға тапсырманы қалай түрлендіресіз?
Бағалау-оқушы білімін тексеруді қалай жоспарлайсыз?
Жасыл түс — «Мен тақырыпты жақсы түсіндім»
Сары түс- «Мен жартылай түсіндім»
Қызыл түс- «Мен түсінбедім»
.
Пәнаралық байланыс –денсаулық және қауіпсіздік, АҚТ-мен байланыныс .Құндылықтармен байланыс (тәрбие элементі)
Сергіту сәтін өткізу барысында қауіпсіздік ережелері сақталады.
Өз сабағыңызды талдау үшін осы бос орынды пайдаланыңыз.
Сол жақта берілген сұрақтарға жауап беріңіз.
Сабақтың мақсаты мен оқу міндеттері орындалды ма?
Бүгін оқушылар не үйренді?
Сабақ қалай өтті, қандай деңгейде өтті?
Жоспарланған саралау жақсы іске асты ма? (тапсырмалар сәйкес
Уақытты қалай пайдаландым?
Жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неге?
Сабақтың ең ұтымды кезеңдері
Сабақты жақсартуға септігін тигізген екі сәт
Келесі сабақты өткізуге септігін тигізетіндей осы сабақтан сынып пен жеке оқушылар жайлы не білдім?
Источник
Дыбыс үндестігі, түрлері орфография. Орфоэпия
Түбір мен қосымшаның, сөз бен сөздің арасындағы дауыссыз дыбыстардың бір-біріне әсер етуі дыбыс үндестігі деп аталады. Дыбыс үндестігі дауыссыз дыбыстар арасында болады. Дыбыс үндестігі ассимиляция деп те аталады. Асимилляция – латын тілінің аssimilato «ұқсату» деген мағынаны білдіретін сөзінен шыққан термин.
Дыбыс үндестігі үшке бөлінеді:
1) ілгерінді ықпал;
2) кейінді ықпал;
3) тоғыспалы ықпал.
Ілгерінді ықпал – қатар тұрған екі дауыссыз дыбыстың алдыңғысының соңғысына ықпал етуі. Ілгерінді ықпал заңдылықтары:
1. Сөздің соңғы дыбысы қатаң болса, жалғанатын қосымша да қатаңнан басталады. Мысалы, тасты, көппен, шашқа, т.б.
2. Сөздің соңғы дыбысы ұяң болса, жалғанатын қосымша да ұяңнан басталады. Мысалы, жұлдызға, сөзбен, т.б.
3. Сөздің соңғы дыбысы дауысты не үнді болса, жалғанатын қосымша не ұяңнан, не үндіден басталады. Мысалы, шағалалар, шағаланы; егінмен, егінді, т.б.
4. Сөздің соңғы дыбысы ш болып, қосымша с дыбысынан басталса, түбірдегі с дыбысы ш болып айтылады. Мысалы, көшсін – көшшін, ұшса – ұшша, т.б.
5. Сөздің соңы дауысты, үнді, ұяң дыбыстарға бітсе, екінші сөздің басындағы қатаң к, қ дыбыстары ұяң г, ғ болып айтылады: Меңдіқыз – Меңдіғыз, қара қой – қара ғой, Байкөкше – Байгөкше, бозкөде – бозгөде, Тұрарқожа – Тұрарғожа, жай қалмау – жай ғалмау, Байқоңыр – Байғоңыр, т.б.
6. Сөздің алғашқы сыңарындағы қатаң дауыссыздардың ықпалынан екінші сыңардағы ұяң дауыссыздар айтуда қатаң болып айтылады: Тұратбек – Тұратпек, Жолдасбай – Жолдаспай, Сәтбай – Сәтпай, т.б.
Кейінді ықпал – қатар тұрған екі дауыссыз дыбыстың соңғысының алдыңғысына ықпал етуі. Кейінді ықпал заңдылықтары:
1. Қатаң қ, к, п дыбыстарына біткен сөздерге дауысты дыбыстан басталған қосымша жалғанғанда, түбірдегі қатаң дауыссыз дыбыс ұяң дауыссыз дыбысқа айналады: Мысалы, тілек+і – тілегі, құлақ+ы – құлағы, соқ+у – соғу, доп+ы – добы, сеп+е+ді – себеді, т.б.
2. Н дыбысына біткен сөзге б және п дыбысынан басталған қосымша жалғанғанда түбірдегі н дыбысы м болып айтылады. Мысалы, сенбе – сембе, он бес – ом бес, сәрсенбі – сәрсембі, Жанпейіс – Жампейіс, т.б.
3. Түбірдің соңғы н дыбысы к, қ, ғ, г дыбыстарының алдынан келгенде айтуда ң болып өзгереді. Мысалы, Дүйсенғали – Дүйсеңғали, Сәрсенкүл – Сәрсеңкүл, түнгі – түңгі, сәнқой – сәңқой, т.б.
4. Ш дыбысының алдынан келген с және з дыбыстары айтуда ш болып өзгеріп кетеді. Мысалы, құрылысшы – құрылышшы, сөзшең – сөшшең, таныс шығар – таныш шығар, Бозшағыл – Бошшағыл, Тасшайнар – Ташшайнар, т.б.
5. Түбір сөз соңғы з дыбысы кейінгі с дыбысының ықпалынан с болып айтылады. Мысалы, сөзсіз – сөссіз, сазсырнай – сассырнай, жүз сом – жүс сом, жазса – жасса, т.б.
6. Алғашқы сөз з дыбысына бітіп, кейінгі сөз ж дыбысынан басталса, з дыбысы ж болып айтылады. Мысалы, Оразжан – Оражжан, құз-жартас – құж—жартас, көз жазбау – көж жазбау, күз жақын – күж жақын, т.б.
7. Кейбір сөздерде қатар келген екі дауысты дыбыстың соңғысының ықпалынан алдыңғы дауысты дыбыс айтуда түсіп қалады. Мысалы, Сарыөзек – Сарөзек, алтыатар – алтатар, қара ала – қарала, жеті ешкі – жетешкі, шеткі үй – шеткүй, т.б.
Орфография – дұрыс жазамын деген ұғымды білдіретін грек тілінен енген термин. Тілдегі сөздерді дұрыс жазу ережелерінің жиынтығы.
Орфоэпия – дұрыс айтамын деген ұғымды білдіретін грек тілінен енген термин. Тілдегі сөздерді дұрыс айту туралы ережелер жиынтығы.
Источник
Дауысты дыбыстар: жуан, жіңішке; ашық, қысаң; еріндік, езулік дауыстылар, емлесі
Тіл дыбыстары екіге бөлінеді: 1) дауысты дыбыстар; 2) дауыссыз дыбыстар. Дауысты дыбыстар саны – 12. Олар: а, ә, о, ө, е, ы, і, ұ, ү, и, э, (у). Дауысты дыбыстар — өкпеден шыққан ауаның кедергіге ұшырамауы арқылы шықққан дыбыстар.
Дауысты дыбыстар тілдің қатысына қарай екіге бөлінеді: 1) жуан дауысты дыбыстар: а, о, ы, у. Жуан дауысты дыбыстарды айтқанда тіл кейін шегініп, тіл үсті дөңестенеді. 2) жіңішке дауысты дыбыстар: ә, ө, і, е, и, э, у. Жіңішке дауысты дыбыстар айтқан кезде тілдің ілгері созылады.
Қазақ тілінде сөздер не тек жуан дауысты дыбыстардан, не жіңішке дауысты дыбыстардан құралады. Мысалы, тек жуан дауысты дыбыстардан құралған сөздер: арыстан, аққу, рақат, қараторғай, дауылпаз, тасбақа, т.б. Тек жіңішке дауысты дыбыстардан құралған сөздер: өмір, көктем, жүгері, мереке, күміс, ілгіш, т.б.
Басқа тілден енген сөздер, қос сөздер мен біріккен сөздер жуан дауысты мен жіңішке дауыстының араласып келуінен жасалады. Ондай сөздер аралас дыбысты сөздер деп аталады. Мысалы, емтихан, синтаксис, жөн-жосық, оқта-текте, азық-түлік, Темірқазық, Екібастұз, көзқарас, т.б.
Дауысты дыбыстар жақтың қатысына қарай ашық және қысаң болып екіге бөлінеді: 1) ашық дауыстылар жақтың кең ашылуы арқылы жасалады. Олар: а, ә, о, ө, е, э. 2) қысаң дауыстылыр: ы, і, и, ұ, ү, у. Қысаң дауыстылар жақтың тар ашылуы арқылы жасалады. Тек ашық дауыстылар арқылы жасалған сөздер: орман, өлең, әке, әдеп, бақыт, т.б. Тек қысаң дауыстылар арқылы жасалған сөздер: қызықты, ыдыс, ірімшік, ілгіш, киік, қырқу, т.б.
Дауысты дыбыстар ерін мен езудің қатысына қарай еріндік және езулік болып екіге бөлінеді: 1) еріндік дауыстылар: о, ө, ұ, ү, у. Еріндік дауыстылар еріннің алға қарай созылып, дөңгеленуінен жасалады. 2) езулік дауыстылар езудің кейін тартылуы арқылы жасалады. Олар: а, ә, е, и, э, ы, і. Тек еріндік дауысты дыбыстар қатысқан сөздер: қосу, өру, ұлу, күлу, т.б. Тек езулік дауысты дыбыстар қатысқан сөздер: ақыл, әдемі, отырықшы, егінші, еңбекшіл, т.б.
Қазақ тілінде сөздің алғашқы буынындағы еріндік дауыстылар кейінгі буындардағы езулік дауыстыларды айту кезінде өзіне ұқсатып, еріндік дауыстыға айналдырып алады. Бұл ерін үндестігі немесе айтылуы мен жазылуында айырмашылық бар сөздер деп айтылады.
Источник
Дауысты дыбыстар: жуан, жіңішке; ашық, қысаң; еріндік, езулік дауыстылар, емлесі
Тіл дыбыстары дауысты дыбыстар және дауыссыз дыбыстар деп екіге бөлінеді.
Дауысты дыбыстар саны – 12. Олар: а, ә, о, ө, е, ы, і, ұ, ү, и, э, (у). Дауысты дыбыстар өкпеден шыққан ауаның кедергіге ұшырамауы арқылы үннен жасалады.
Дауысты дыбыстар тілдің қатысына қарай екіге бөлінеді: 1) жуан дауысты дыбыстар: а, о, ы, у. Жуан дауысты дыбыстарды айтқанда тіл артқа тартылып, тіл үсті дөңестенеді. 2) жіңішке дауысты дыбыстар: ә, ө, і, е, и, э, у. Жіңішке дауысты дыбыстар тіл ұшының ілгері созылуы арқылы жасалады.
Қазақ тілінде сөздер не тек жуан дауысты дыбыстардан, не жіңішке дауысты дыбыстардан құралады. Мысалы, тек жуан дауысты дыбыстардан құралған сөздер: арыстан, аққу, рақат, қараторғай, дауылпаз, тасбақа, т.б. Тек жіңішке дауысты дыбыстардан құралған сөздер: өмір, көктем, жүгері, мереке, күміс, ілгіш, т.б.
Басқа тілден енген сөздерде, қос сөздер мен біріккен сөздерде жуан дауысты мен жіңішке дауысты дыбыстар араласып келе береді. Ондай сөздер аралас дыбысты сөздер деп аталады. Мысалы, емтихан, синтаксис, жөн-жосық, оқта-текте, азық-түлік, Темірқазық, Екібастұз, көзқарас, т.б.
Дауысты дыбыстар жақтың қатысына қарай ашық және қысаң болып екіге бөлінеді: 1) ашық дауыстылар жақтың кең ашылуы арқылы жасалады. Олар: а, ә, о, ө, е, э. 2) қысаң дауыстылар: ы, і, и, ұ, ү, у. Қысаң дауыстыларды айтқанда, жақ кең ашылмай, ауа қысылып шығады. Тек ашық дауыстылар арқылы жасалған сөздер: орман, өлең, әке, әдеп, бақыт, т.б. Тек қысаң дауыстылар арқылы жасалған сөздер: қызықты, ыдыс, ірімшік, ілгіш, киік, қырқу, т.б.
Дауысты дыбыстар ерін мен езудің қатысына қарай еріндік және езулік болып екіге бөлінеді: 1) еріндік дауыстылар: о, ө, ұ, ү, у. Еріндік дауыстылар еріннің алға қарай созылып, дөңгеленуі арқылы жасалады. 2) езулік дауыстылар езудің кейін тартылуы арқылы жасалады. Олар: а, ә, е, и, э, ы, і. Тек еріндік дауысты дыбыстар қатысқан сөздер: қосу, өру, ұлу, күлу, т.б. Тек езулік дауысты дыбыстар қатысқан сөздер: ақыл, әдемі, отырықшы, егінші, еңбекшіл, т.б.
Қазақ тілінде сөздің алғашқы буынындағы еріндік дауыстылар кейінгі буындардағы езулік дауыстыларды айту кезінде өзіне ұқсатып, еріндік дауыстыға айналдырып алады. Бұл ерін үндестігі немесе айтылуы мен жазылуында айырмашылық бар сөздер деп айтылады.
Источник